ІІМ: Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

17 Сәуір 2023, 10:22
965
Бөлісу:
ІІМ: Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Фото: gov.kz

Өткен аптада ел аумағында 2900-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2 939 қылмыс жасалды, оның 1780-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті министрлік өкілі елдегі криминогендік жағдайға тоқталып.

Сонымен қатар ол тәртіп сақшылары қанша қылмыстың ізін суытпай әшкерелеген деп отыр.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 30 тонау және 428 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы