ІІМ: Жеті күнде 1800-ден астам қылмыс жасалды

25 Қыркүйек 2023, 11:33
714
Бөлісу:
ІІМ: Жеті күнде 1800-ден астам қылмыс жасалды
Фото: Арман Мухатов - архив

Өткен аптада еліміздің аумағында 1847 астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Жеті күн ішінде 1847 қылмыс жасалды, оның 1753-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 38 тонау және 396 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы