ІІМ жауабы: Қандай балалар буллингке барады

21 Тамыз 2023, 14:31
1764
Бөлісу:
ІІМ жауабы: Қандай балалар буллингке барады
Фото: - архив

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спикердің буллинг әлі күнге дейін жасөспірімдер арасындағы өзекті екенін айтып, оның себебін – балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі кемшіліктер мен отбасындағы келеңсіздіктерден деп түсіндірді.

Отбасындағы зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына теріс әсер етеді. Олар отбасында көретін мінез-құлық пен агрессияның мұндай үлгісін құрдастарына және айналасындағыларға үйден тыс жерде көрсетеді, - деді Лейла Әліпбаева «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Биылдан бастап елімізде балаларды буллингтен қорғауда тың қадамдары іске асырылады. Енді ата-аналар өз баласына қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда жазбаша түрде немесе электронды құжат нысанында уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.

Еске салайық, бұған дейін соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11 пайызға көбейгенін жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы