Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лаңкестермен қақтығыста 7 әскери және полиция қызметкері қаза тапты.
Қайтыс болғандардың арасында тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбай-ұлы, Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы, Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Ален Мұхитұлы, Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы, қатардағы жауынгерлер Қайсаров Мадияр Оразалыұлы және Аманов Айбат Ерболұлы. Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы.
Әскерилер ел тыныштығын күзетіп, өздеріне жүктелген міндетті қайсарлықпен адал атқарды.