Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Талғарда изолятордан қашып кеткен күдіктіні полицейлер іздеп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іздеп жатырмыз, ұстаймыз. Іздеп жатырмыз. Бұл оңай емес. Барлық шара қабылданып жатыр. Қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз. Барлығы жазаланады. Іс немқұрайлылық бабы бойынша қозғалды. Кінәлілерді жауапқа тартамыз, - деп айтты Лепеха кулуарда.
Бұған дейін Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау бойынша күдікті қашып кеткені туралы ақпарат жарияланған болатын.
Кейін күдікті жайлы жаңа деректер шықты.