ІІМ соңғы кезде азаматтарға хабарласып жүрген «жалған полицейлер» туралы ескертті

11 Шілде 2022, 11:36
2395
Бөлісу:
ІІМ соңғы кезде азаматтарға хабарласып жүрген «жалған полицейлер» туралы ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

ІІМ жедел қабылдаған іс-қимыл шараларының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда биыл интернет алаяқтық 18 пайызға төмендеген. Оның ішінде 1,5 мыңнан астам қылмыс жедел уәкілдердің жанкешті еңбегінің арқасында ізі суымай ашылды, - деді Жандос Сүйінбай. 

Ол атағандай, цифрлық технологиялардың дамуы оларды пайдалану арқылы жасалған ұрлықтардың өсуіне әкелді. 

Жақында интернеттегі алаяқтық қоғамда үлкен наразылық тудырды.Алты айда олардың саны 9,6 мыңнан астам қылмысты құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18 пайызға төмен.Дегенмен онлайн сауда ең көп таралған әдіс болып қала береді. Алты айда осындай жолмен 3,5 мыңнан астам алаяқтық жасалған.Банктер мен микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн несиелерді тіркеудің 1,5 мыңға жуық фактісі тіркелді, - деді ол. 

Жандос Сүйнбайдың айтуынша, 750-ге жуық жағдайда олар әртүрлі жобаларға тиімді инвестициялау сылтауымен жасалған.

Жеке кабинет құру немесе оған қосылу арқылы пластикалық карта шоттарынан 2,5 мыңға жуық алаяқтық ұрлық жасалған.Мәселен, соңғы жылдары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалған алаяқтық фактілері жиілеп кеткен. Азаматтардың телефондарына «жалған полицейлер» хабарласады. Оларға қазір жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, несие беріліп жатыр. Алаяқтарды ұстау үшін «жалған полицейлер» мүлікті тез арада арзандатылған бағамен сатуды ұсынады және ақшаны сақтау үшін «сақтандыру шотына» аударуды сұрайды, - деді ол. 

Сондай-ақ алаяқтар жәбірленшілерге  психологиялық қысым көрсету үшін «жария етпеу туралы келісім» туралы айтады, оны бұзғаны үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізіп, қорқытады. 

Өзгелердің жаңалығы