Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін 574 нысаннан полициялық күзет шешіліп, күн тәртібіндегі мәселелерді шешуге жұмылдырылатын болады. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте министр Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, арнайы құрылған жұмыс тобы желтоқсанның соңына дейін Ішкі істер министрлігін салалық емес функциялардан босату жөніндегі ұсыныстар айтады. Сондай-ақ ол жуықта бөлініп шыққан Төтенше жағдайлар комитетіне жеткілікті штат пен материалдық техникалық база берілгенін атап өтті.
Қазіргі күні полицияның күші мен әлеуеті есірткімен күрес, оның заңсыз айналымына жұмылдырылып отыр. Есірткі бизнесімен айналысушылардың ізін кесу, бұл бағыттағы ұйымдасқан қылмыспен күрес фактілерін анықтау нәтиже беріп келеді. Соңғы тоғыз айда осындай 1750 қылмыс әшкереленді. Оның 1082-сі есірткі тасымалымен байланысты. 22 тоннаға жуық наша тәркіленді, 840 сайт блокталды, 7 есірткі өндіретін зертханының жұмысы тоқтатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалағасады, есірткі тасымалы және айналымымен күресті заңнамалық тұрғыдан күшейту бағыттары да қолға алынды, - деді ол.
Бұған дейін министр учаскелік инспектордың құзіреті кеңейетінін айтқан болатын.