ІІМ қызметкерлері арасында аноним сауалнама ұйымдастырылады

18 Шілде 2019, 16:55
2146
Бөлісу:
ІІМ қызметкерлері арасында аноним сауалнама ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық туралы аноним сауалнама ұйымдастырылады. Бұл туралы "Талап" қолданбалы зерттеу орталығының өкілі Серік Беркамалов айтты.

"Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықты, ішкі сыбайлас жемқорлықты түсіну үшін аноним сауалнама әзірлеуді және өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сауалнаманың жобасын дайындауға екі айға жуық уақыт кетті. Оған белгілі әлеуметтанушылар тартылды. Арасында қазақстандық және шетелдік мамандар бар", - дейді Беркамалов.

Оның айтуынша, сауалнаманы осы жылдың төртінші тоқсанында өткізу жоспарланып отыр. Оған кем дегенде 2000 адам қатысуы керек.

Зерттеу орталығының мәліметіне қарағанда, аноним сауалнамада бірнеше секция болады. Соның ішінде біреуі жұмысты қанағаттандырудың ресми көрсеткіштерін және қызметкерлердің мотивациясын анықтауға арналған.

"Сауалнаманы өткізудің тағы бір бағыты сыбайлас жемқорлық тұжырымдамасын анықтау. Яғни  бейресми қатынастардың қандай деңгейінен сыбайлас жемқорлық басталатынын анықтау.  Ауызша алғыс айту немесе кішігірім сыйлықтар - барлығын зерттегіміз келеді. Үшінші бөлім сыбайлас жемқорлықтың қарқындылығына арналады. Ақпарат жинауды, оның ішінде министрліктің бөлімшелерінің беделін байқағымыз келеді. Яғни, Ішкі істер министрлігінің жүйесінде сыбайлас жемқорлық қай бөлімде көбірек екенін анықтау", - дейді "Талап" орталығының өкілі.

Ол сауалнаманы өткізу жай талдау жүргізу үшін емес, Ішкі істер министрлігінің қызметінде қандай өзгерістерді өзгерту қажет екендігі туралы нақты ұсыныстар алу үшін қажет екенін айтты. 

"Құқықтық актілерге талдау жасалады. Біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тексеруіміз керек. Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтағаннан кейін, біз қандай өзгерістер жасау керектігі жөнінде ұсыныстар береміз және Ішкі істер министрлігі мен Агенттік заңнамаға түзетулер енгізу туралы шешім қабылдайды", - деді Серік Беркамалов.

Өзгелердің жаңалығы