ІІМ қызметкерлері SOS балалар ауылында сенбілік өткізді

11 Маусым 2022, 18:00
1986
Бөлісу:
ІІМ қызметкерлері SOS балалар ауылында сенбілік өткізді
Фото: Polisia.kz cайтынан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері қызметтік формаларын жай киімге ауыстырып, елордалық балалар ауылының аумағында ауқымды сенбілік өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz cайтының тілшісі.

ІІМ қызметкерлері SOS балалар ауылында сенбілік өткізді

 Іс-шара ел Президенті жариялаған “Балалар жылы” және “30 игі іс” акциясы аясында өтті. Айта кету керек, ведомствоның жеке құрамы жетім балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп отырады. 

Тәртіп сақшылары балалар үйінің барлық аумағын қоқыстан, жапырақтардан және құрғақ шөптен тазартып, бұталарды кесті. Бұл күні ауа райы да қолайлы болып, жұмысты көтеріңкі көңіл күймен жасауға ықпал етті. Полицейлер ұжымдық жұмыс кезінде қоршаған ортаға ұқыпты және жауапты қарым-қатынастың қалыптасатынын көрсетті. 

ІІМ қызметкерлері SOS балалар ауылында сенбілік өткізді

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері – бұл біздің достарымыз. Олар үнемі бізге қолдау көрсетеді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактика жүргізеді. Жаңа жылда Аяз Ата мен Ақшақар кейпінде балаларға сыйлықтар әкеледі. Бүгін де ІІМ қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды, – деп атап өтті SOS балалар ауылының психологиялық-әлеуметтік жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Сәуле Сәдуақасова.

ІІМ қызметкерлері SOS балалар ауылында сенбілік өткізді

 Балалар ауылы Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртауда жұмыс істейді. Елордада бұл ауыл 2000 жылы ашылды. Қазір мұнда 78 бала тұрады. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, көптеген қалалық ұйымдар балалар өміріне бей-жай қарамайды және бүлдіршіндерге моральдық және материалдық тұрғыдан қолдау көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы