ІІМ құрамындағы барлық медицина мекемелері Денсаулық сақтау министрлігіне өтті

11 Шілде 2022, 11:14
1562
Бөлісу:
ІІМ құрамындағы барлық медицина мекемелері Денсаулық сақтау министрлігіне өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды. 

1 шілдеден бастап еліміз бойынша 16 тергеу изоляторын медициналық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне өтті. Еске салайық, 2021 жылғы 19 шілдеде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету саласындағы функциялар Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелетін Жарлыққа қол қойды, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

  Ол атағандай,  мақсат – азаматтардың медициналық қызметтерге сапалы және тең қолжетімділігі және қамауда ұстау жағдайында азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін заңсыз әрекеттердің алдын алу.

 Сонымен қатар қабылданған шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі медициналық кадрлардың тапшылығын және олардың жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтық дәрігерлерден кем емес еңбекақысын төлеу мәселесін шешеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы