ІІМ Қостанай академиясының экс-бастығы жаңа қызметке ауысты

1 Наурыз 2024, 12:46
338
Бөлісу:
ІІМ Қостанай академиясының экс-бастығы жаңа қызметке ауысты
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сот әкімшілігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев Қарағанды ​​облыстық сотының судьялары мен қызметкерлеріне Сот әкімшілігінің облыс бойынша департаментінің жаңа басшысы Мирлан Қызыловты таныстырды.

Іс-шараға Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов қатысты. Жантемір Шәкиев Мирлан Қызыловтың ішкі істер органдарындағы бай кәсіби тәжірибесін, білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті.

ІІМ Қостанай академиясының экс-бастығы жаңа қызметке ауысты

Спикер департаменттің жаңа басшысына бірқатар міндет қойып, оның облыс соттарының жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыруға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Мирлан Қызылов 1968 жылы Қарағанды ​​облысында туған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​жоғары мектебін бітірген. Полиция генерал-майоры. Заң ғылымдарының кандидаты, профессор. 

Ол бұған дейін ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарды атқарған, ІІМ Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясы бастығының орынбасары, ІІМ Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы болған.

Өзгелердің жаңалығы