ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу фактілері туралы хабарлауды сұрайды

15 Желтоқсан 2023, 10:28
406
Бөлісу:
ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу фактілері туралы хабарлауды сұрайды
Фото: Polisia.kz

ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу фактілері туралы хабарлауды сұрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу – полицияның жаңа жыл қарсаңындағы міндеттерінің бірі.

Мәселен, 15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Шырша” акциясын бастады.

Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Оларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де қатысады.

Полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ егер сіз шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз, тәртіп сақшылары бұл туралы “102” телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы