ІІМ Қайсар Қамзаға қатысты пікір білдірді

Вьетнамда жүрген блогерді елге қайтару мәселесімен Бас прокуратура айналысып жатыр.

6 Мамыр 2026, 11:49
АВТОР
 instagram.com/qais_arr 6 Мамыр 2026, 11:49
6 Мамыр 2026, 11:49
729
Фото: instagram.com/qais_arr

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов блогер Қайсар Қамзаға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер кулуарда Қайсар Қамзаның Вьетнамда жүргенін және өзін ешкім ұстамағанын айтып видео жариялағанын атап өтті. Осыған байланысты БАҚ өкілдері ІІМ-нен блогердің Қазақстанға қашан оралатынын сұрады.

Блогерге біздің Қаржы мониторингі агенттігіндегі әріптестеріміз іздестіру жариялады. Сонымен қатар оны елге қайтару мәселесімен Бас прокуратура айналысып жатыр, – деді Әділов.

Еске салайық, бұған дейін блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

Сондай-ақ, іздеуде жүрген блогерге қатысты тың мәлімет шыққаны хабарланды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх