ІІМ: Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 мыңға жуық қару мен 42 мың оқ-дәрі анықталды

18 Шілде 2022, 16:29
1959
Бөлісу:
ІІМ: Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 мыңға жуық қару мен 42 мың оқ-дәрі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев мәлімдеді. 

Айтуынша, Ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қаруды іздеп тауып тәркілеу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда «Құқықтық тәртіп» және «Қару» жедел-профилактикалық шараларын өткізу барысында жалпы 1729 қару мен 42 мың оқ-дәрі анықталып, заңсыз айналымнан алынды. Оның ішінде: 13 граната атқыш; 6 оқ жаудырғыш (пулемет); 169 автомат; 374 тапанша; 266 травматикалық және газды қару бар. Өткен екі апта ішінде ғана 40-тан астам қару тәркіленді және оларды жасырын сақтайтын 125 орын  жойылды. Мәселен, 4 шілдеде Алматы қаласында полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздестіру шараларының барысында қаруды сақтау орны табылып, ол жерден Макаров тапаншасы, шолақ аңшылық мылтығы, травматикалық тапанша мен 30 оқ-дәрі алынған, - деп атап өтті Тергеу департаменті бастығының орынбасары.

Сондай-ақ сол күні Тараз қаласында Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлерімен жаңадан салынған үйлердің арасындағы алаңқайдан 4 көз жасын ағызғыш граната, Калашников автоматының 60 оғы және Макаров тапаншасының 25 оғы табылып алынған.

Сондай-ақ осы қалада 5 шілде күні полиция қызметкерлері тұрғын үйдің жанынан Макаров тапаншасы, жарық-дыбыс гранатасы және әртүрлі калибрлі 54 оқ табылып алынды. 15 шілде күні Алматы облысының полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері бірлесіп   12 калибрлі кесілган шолақ мылтық, 12 калибрлі аңшы мылтық, 2 дана жарылғыш граната, 1 дана газ гранатасы және 25 дана Макаров тапаншасының оқ дәрісі сақталған жерді тауып, оларды тәркіледі, - деді Мұхтар Қожаев.

Өзгелердің жаңалығы