ІІМ: Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылыққа қатысты санкция күшейеді

9 Наурыз 2023, 14:07
996
Бөлісу:
ІІМ: Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылыққа қатысты санкция күшейеді

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, бірқатар жағдайлар үшін санкцияларды күшейту көзделген. 

Жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру (ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру), оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалана отырып (ҚК 272-бабының 2-бөлігі, құқық бұзушылықтың жаңа құрамы-3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру). Қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық (ҚК 293-бабының 3-бөлігінен 4-бөлігіне, 5-тен 7-жылға дейін бас бостандығынан айыру). Бұл қылмыстық әрекеттердің жоғары қауіптілігімен және сәйкес келмейтін жауапкершіліктің төмендігімен байланысты. Ерекше цинизммен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін болдырмау көзделіп отырғанын айтты. 

Отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтардың құрамына, атап айтқанда: денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚК 106-бабы); ауырлығы орташа зиян келтіру (ҚК 107-бабы); «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау» біліктілік белгілері енгізіледі. Бұл қылмыстың ауырлық дәрежесін күшейтеді (107-бап – онша ауыр еместен орташа ауырлыққа, 3 жылға дейін) және санкция артады. 106-бапқа сәйкес қазір-3-тен 8-ге дейін, кейін 6-дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады, - деді Марат Ахметжанов. 

Өзгелердің жаңалығы