Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, бірқатар жағдайлар үшін санкцияларды күшейту көзделген.
Жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру (ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру), оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалана отырып (ҚК 272-бабының 2-бөлігі, құқық бұзушылықтың жаңа құрамы-3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру). Қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық (ҚК 293-бабының 3-бөлігінен 4-бөлігіне, 5-тен 7-жылға дейін бас бостандығынан айыру). Бұл қылмыстық әрекеттердің жоғары қауіптілігімен және сәйкес келмейтін жауапкершіліктің төмендігімен байланысты. Ерекше цинизммен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін болдырмау көзделіп отырғанын айтты.
Отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтардың құрамына, атап айтқанда: денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚК 106-бабы); ауырлығы орташа зиян келтіру (ҚК 107-бабы); «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау» біліктілік белгілері енгізіледі. Бұл қылмыстың ауырлық дәрежесін күшейтеді (107-бап – онша ауыр еместен орташа ауырлыққа, 3 жылға дейін) және санкция артады. 106-бапқа сәйкес қазір-3-тен 8-ге дейін, кейін 6-дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады, - деді Марат Ахметжанов.