ІІМ: Оқушылар арасында сватингпен айналысу жиілеп кетті

3 Қазан 2022, 12:01
2495
Бөлісу:
ІІМ: Оқушылар арасында сватингпен айналысу жиілеп кетті

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жүргізілген талдау жұмыстары мұндай қауіптің басым көпшілігі шетелден түсетінін көрсетті. Интернетте «сватинг» деп аталатын, яғни өзге тұлғалардың атынан шұғыл қызметке жалған хабарламаларды жаппай таратумен айналысатын жасырын қауымдастықтар бар. Олардың уәжі әртүрлі: жеке кек алу, жанжал, басқа адамды әуре-сарсаңға салу. Қазақстандық оқушылар арасында да осындай топтарға әуестері бар, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар ол құқықтық тәртіп органдары ата-аналарға баласының интернеттен не қарайтынына мұқият болу қажеттігіні ескертетінін жеткізді.

ІІМ арнайы органдармен бірігіп шетелдік құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ қастық ойлаушылардың ІР-мекенжайларын, аккаунттарын және өзге де мәліметтерін анықтау үшін интернет-провайдерлермен белсенді жұмыс істейді. Тек қана соңғы екі айдың ішінде интернет арқылы жалған хабарлама таратқан 5 адам анықталды. Жалпы жыл басынан бері 28 адам мұндай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 8-і бас бостандығынан айырылды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.  

Өзгелердің жаңалығы