ІІМ: Өгей әкесімен тұратын отбасындағы балалар тексерілуі мүмкін

5 Қазан 2023, 11:39
1280
Бөлісу:
ІІМ: Өгей әкесімен тұратын отбасындағы балалар тексерілуі мүмкін
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұдан былай елімізде өгей әкесімен тұратын отбасындағы балалар тексерілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша, тексеру кәмелетке толмағандардың құқығы бұзылғанда ғана жүзеге асырылады.

Баланы өгей әке тәрбиелеу дерегі ешқандай жағдайда бұзушылыққа жатпайды және оны тексеруге себеп бола алмайды. Тексеруге тек кәмелетке толмаған балалардың кейбір құқықтары мен мүдделерін бұзу немесе қылмыстық немесе әкімшілік заңнаманы бұзу себеп болуы мүмкін. Баланы өгей әкесі тәрбиелеп жатса, біз оны тексермейміз және бұл мүлдем дұрыс емес деп санаймын, - деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін де өгей әкесімен бірге тұратын отбасындағы балаларды тексеру туралы мәселе көтерілген болатын. Ол Бас прокуратураның ведомствоаралық кеңесте көтерілген еді.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі де бұл мәселеден қалыс қалған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы