ІІМ-нің жоспары Асхат Аймағамбетовтің сынына қалды

11 Желтоқсан 2023, 13:52
5507
Бөлісу:
ІІМ-нің жоспары Асхат Аймағамбетовтің сынына қалды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Асхат Аймағамбетов есірткіге қарсы жоспарды жақсылап оқып шыққанын айтты.

Әрине, мұндай жоспардың болмағаннан гөрі, болғаны жақсы. Бірақ шынын айту керек, жоспар мүлдем көңілден шыққан жоқ. Негізінен, өте әлсіз деуге болады. Неге? Өйткені, нақтылық аз. Осыған қатысты жоспар декларативті болып қала ма деп қорқамын. «Жетілдіру», «қарастыру», «ұсыныс беру», «бұйрық қабылда» сынды пункттер өте көп. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеген азамат ретінде айтамын, мемлекеттік қызметте нақты мақсат қоймасаң, нәтиже болмайды. Индикаторларға келетін болсақ, айналдырған 8 индикатор бар. Медициналық оңалтумен қамту 2023 жылы 26 пайыз болса, 2025 жылы 30 пайызға жетеді дейді. Мұндай әлсіз, біржақты, қолжетімді индикаторларды неге қоямыз. Есірткімен күресті ғылыми зерттеулерсіз жүргізу мүмкін емес. Оны біз толық білуіміз керек, - деп атап өтті депутат Аймағамбетов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, бұл жоспар 2015 жылға дейін болмаған.

Жалпы мүлдем жұмыс істелмеді деп айту дұрыс емес. Президент арнайы тапсырма берді. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған. Бұл бірінші құжат. Қандай проблема бар, соларды қосамыз. Индикаторлар бойынша органдар өздерінің ұсыныстарын қосты. Бұл жалғасын табатын құжат болғандықтан, индикаторлар толықтырылып отырады, - деп айтты ІІМ басшысы Мәжілісте.

Бұған дейін Сәденов ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы