ІІМ «Менің полициям» жобасын бастады

5 Қыркүйек 2022, 13:45
860
Бөлісу:
ІІМ «Менің полициям» жобасын бастады

5-11 қыркүйек аралығында балалар жылы аясында, сондай-ақ Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Менің полициям» ақпараттық-имидждік жобасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Жоба полицейдің позитивті образын қалыптастыру және полицей мамандығына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Жобаның шарты бойынша бала полицияда қызмет ететін ата-анасының жұмыс орнына келіп, бір күндік жұмысымен танысады.

 Материалда бала полицияның бір күндік тынысын, көзбен көрген қызықты сәттерін өз пайымымен баяндау қажет. Аталған жобаға мектеп жасындағы балалары бар (8-14 жас аралығында) полицейлер отбасы қатыса алады. Бейнематериалдың сценариін аумақтық ПД өз қалаулары бойынша түрлендіріп, еркін форматта өткізуіне болады, хронометражы 1,5-2 минуттан аспауы тиіс. “Мен полициям” атты бейнематериалдар әлеуметтік желілерде, республикалық және жергілікті БАҚ-та жарияланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы