ІІМ Қоғамдық кеңесінде ведомстволық медицина саласындағы мәселелер талқыланды

26 Қараша 2021, 17:15
1203
Бөлісу:
ІІМ Қоғамдық кеңесінде ведомстволық медицина саласындағы мәселелер талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде бейнеконференцбайланыс режимінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, оған Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің, ведомстволық емханалар мен санаторийлердің басшылары қатысты.

ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамов отырыстың мақсатын белгіледі. Ол – ІІМ медициналық қызметі үшін ІІО жаңғырту бойынша Жол картасында көзделген іс-шаралардың қалай іске асырылып жатқанын білу және ведомстволық медицина саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың басынан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік ішкі істер органдарын жаңғыртуға кірісті. Бұл шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін Мемлекет басшысы атап өтіп, полиция реформасы бойынша нақты міндеттер қойды. ІІО қызметкерлерінің отбасы мүшелерін мемлекеттік медициналық сақтандыру туралы Тыл департаментінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев баяндады.

Ол ІІО қызметкерлерінің барлық отбасы мүшелері Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Заңға сәйкес сақтандырылғанын, олардың МӘМС жүйесіне жалпы негізде қатысуы туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Оның айтуынша, республика бойынша жүз мыңнан астам ІІО қызметкерлері (полиция, ҚАЖК, білім беру ұйымдарының курсанттары) және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бар. Олардың отбасы мүшелерінің саны 130 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде 50 мыңнан астамы – балалар.

ІІМ ведомстволық денсаулық сақтау жүйесінің госпитальдары ұсынатын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне стационарлық медициналық көмек көрсету жөніндегі функцияларды азаматтық денсаулық сақтау органдарының қарамағына беру мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Ведомстволық денсаулық сақтау саласында ІІО өңірлік госпитальдарының емханалары мен стационарларының жұмысында өзара іс-қимылдың жолға қойылған жүйесі бар, ол диагностикалық іс-шаралар жүргізуді және қызметкерлерді қысқа мерзімде “Емдеуге жатқызу бюросы” порталына қоймай емдеуге жатқызуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев.
Ведомстволық денсаулық сақтаудың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік госпитальдардың стационарларының ведомстволық тиістілігін сақтау қажет екендігі атап өтілді. Бұл шешіммен Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және облыс әкімдіктерінің көпшілігі келіскен. Кеңес мүшелері ағымдағы мәселелерді де талқылады. Алматыдағы ІІМ “Қазақстан” санаторийін басқаратын Бексұлтан Сәрсеков ішкі істер органдарының региналдық бөлімшелерінің басшыларын қызметкерлерді санаторийге денсаулығын қалпына келтіруге жіберуге шақырды. Бұл мәселені бейнеконференцияға қатысқан облыстық полиция департаменттерінің бастықтары назарға алды.
ІІМ госпитальдары мен емханаларының дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін медициналық ЖОО мен ғылыми медициналық орталықтармен тығыз байланыста болу қажет, – деп атап өтті Кеңес төрағасы Марат Қоғамов.

Өзгелердің жаңалығы