ІІМ қанша интернет-алаяқтықтың бетін ашты?

26 Қазан 2020, 11:23
2188
Бөлісу:
ІІМ қанша интернет-алаяқтықтың бетін ашты?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес туралы брифингте ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков интернет-алаяқтықтың дамуы туралы айтты. 

Әлемде жоғары технологияны енгізу жүріп жатыр. Киберсалада ақпаратқа қол жеткізу артты. Бұл интернет алаяқтардың қызығушылығын арттырып отыр. Үш жылда аталған қылмыстың саны 3 мыңнан 8 мыңға артты.  Биыл ішкі істер министрлігі 1700 интернет-алаяқтықтың бетін ашты. 400-ге жуық адам ұсталды. Көп қылмыс трансшекаралық сипатқа ие. Көп адам өзінің шығынын мардымсыз санап, полицияға жүгінбей жатады. Бұл қылмыстарды ұстауға кері әсерін тигізеді. Алаяқтар одан әрі бейімделіп, бағдарламаларын тереңдете түседі, - деді ол.

Омарбековтың айтуынша, интернет-алаяқтар құрбандарын сату, сатып алу бойынша қармаққа түсіруге тырысады. 

Олар жәбірленушілерге тауардың қаржысының  бір бөлігін жіберуін сұрайды. Кейін олар жәбірленушілерге тауар өзге елде, енді жеткізіледі деп айтады. Соңында тауар да, қаржы да жоқ. Полиция осындай қылмыскерлерді ұстаумен айналысып жатыр. Сондай-ақ, несиені өзге біреудің атынан рәсімдеу де белең алып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы