ІІМ халықтан қару-жарақ сатып алуға 88 млн теңгеден астам қаражат бөледі

10 Сәуір 2023, 12:39
821
Бөлісу:
ІІМ халықтан қару-жарақ сатып алуға 88 млн теңгеден астам қаражат бөледі
Фото: Ақмола облысының Полиция департаменті

Бұл туралы ІІМ өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл акция 10 сәуірден басталды, оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Осы Қағидаларға сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген азамат кез келген аумақтық полиция органына өтініш бере алады. Өтінішті тікелей полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беруге болады. Сондай-ақ телефон арқылы жүгінген кезде, аталған заттардың орналасқан жеріне барлық қажетті іс-шараларды жүргізетін полиция қызметкері жолданады, - деп атап өтті Әкімшілік полиция комитетінің өкілі.

Айтуынша, қару мен жарылғыш заттар, оның құрамдас бөліктері адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретіндіктен, оны ұқыпсыз қолдану ауыр апатты зардаптарға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты қаруды алған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Табылған қаруды бөлшектеу, сындыру және тасымалдаудың қажеті жоқ. Бұл мақсатта бізде арнайы оқытылған қызметкерлер мен техникалар бар.

Өзгелердің жаңалығы