ІІМ: Елде жеті күнде 2800-ден астам қылмыс жасалды

10 Сәуір 2023, 11:42
876
Бөлісу:
ІІМ: Елде жеті күнде 2800-ден астам қылмыс жасалды
Фото: egemen.kz

Өткен аптада республика аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2 814 қылмыс жасалды, оның 1678-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті министрлік өкілі елдегі криминогендік жағдайға тоқталып.

Сонымен қатар ол тәртіп сақшылары қанша қылмыстың ізін суытпай әшкерелегенін айтты.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 40 тонау және 399 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы