ІІМ: Елде бір аптада 2200-ден астам қылмыс жасалған

9 Қаңтар 2023, 11:24
638
Бөлісу:
ІІМ: Елде бір аптада 2200-ден астам қылмыс жасалған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бір апта ішінде 2299 қылмыс жасалды, оның 1490-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, оннан астам кісі өлімі қылмысы ізін суытпай ашылған. 

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 34 тонау және 303 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар жезқазғандық тәртіп сақшылары ер адамды суицидтен құтқарған жағдай туралы айтты. 

Жақында құрылған «Жезқазған. Көршілердің бақылауы» өз нәтижесін көрсетті. 4 қаңтарда түнгі он жарымда жедел топқа қала тұрғынынан Сейфуллин көшесіндегі үйдің балконында бір адамның қатты айқайлап, көршілеріне ұйықтауға кедергі келтіретіні туралы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері сигналға дереу жауап беріп, қоңырауға шұғыл аттанды. Полиция патрулінің орнына келген кезде тұрғын балконға ілініп, құлап кете жаздап тұрған. Құтқарылған адамның жағдайы қалыпты. Ол Жезқазған полиция басқармасына жеткізілді, медициналық куәландырудан өтті, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Өзгелердің жаңалығы