Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де түрік құқық қорғау органдарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Түркия Республикасы жандармерия Бас қолбасшысының орынбасары Мұса Читилмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Қатысушылар Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының терең тарихи тамыры мен ортақ рухани құндылықтары бар екенін атап өтті.
Кездесу өзара түсіністік және сындарлы диалог атмосферасында өтті.