ІІМ: Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 6 мыңға жуық әйел полицияға жүгінді

20 Ақпан 2023, 11:46
860
Бөлісу:
ІІМ: Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 6 мыңға жуық әйел полицияға жүгінді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, 1999 жылы ақпанда Ішкі істер органдары жүйесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі құрылған. 

Оның мақсаты – әйелдерді заңсыз қол сұғушылықтан қорғау, зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелерінде құқықтық көмек көрсету. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар әр қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде бар. Бұл әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою мүмкіндігін арттырады. Бұл қызметкерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған немесе оны жасау қаупі бар құқық бұзушыларға қатысты өз бетінше қорғаныс ұйғарымдарын шығара алады. Сонымен қатар олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жәбірленушілерге құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді, - деп атап өтті ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Сонымен қатар ол былтыр тұрмыстың тауқіметін тартқан қанша әйелге көмек көрсетілгеніне тоқталды. 

Былтыр әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары сенім телефондары арқылы 27 мыңнан астам әйелге кеңес берді, өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 мыңнан астам зардап шеккен адам дағдарыс орталықтарына жүгінді. Дағдарыс орталықтарының сенім телефондарына 5 мыңға жуық қоңырау түсті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары баспанаға 3 мыңнан астам адамды орналастырды. Сондай-ақ әйелдерге 9 мыңнан астам кеңес берілді, оның 5,5 мыңнан астамы полицияға жүгінді. Нәтижесінде 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 4731 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы