ІІМ: Бір аптада елде 2641 қылмыс жасалды

ІІМ: Бір аптада елде 2641 қылмыс жасалды
339

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бір апта ішінде 2641 қылмыс жасалды. Оның 1660-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмыстарды «ізін суытпай» ашқан. 

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 39 тонау және 398 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ІІМ өкілі. 

Сондай-ақ Ақтөбе облысында қылмыс түрлері біршама азайған. Бұл ведомство басшысының аймаққа жасаған сапары кезінде белгілі болды. 

Белгілі болғандай, жыл басынан бері Ақтөбе облысынды 91 келі есірткі тәркіленіп, 2 есірткі зертханасының жолы кесіліп, 33 есірткі сайты бұғатталған. Атқарылған жұмыс көп. Бірақ алаңдатарлық мәселелер де жеткілікті. Солардың бірі – жол қауіпсіздігі. Мұнда биыл 438 жол апаты тіркелген. Онда 75 адам қаза тауып, 602-сі түрлі жарақат алған. Жиынға облыс әкімдігі мен прокуратурасының өкілдері қатысты. Ортақ шешімді қажет ететін түйткілді мәселелер олардың да назарынан тыс қалмады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы