ІІМ: Бір аптада 2700-ден астам қылмыс жасалды

26 Маусым 2023, 11:33
1296
Бөлісу:
ІІМ: Бір аптада 2700-ден астам қылмыс жасалды
Фото: Арман Мухатов - архив

Өткен аптада республика аумағында 2700-ден астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2720 қылмыс жасалды, оның 1642-сі тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.

Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 36 тонау және 302 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы