ІІМ «Автобус» операциясын бастады

8 Маусым 2021, 08:39
1521
Бөлісу:
ІІМ «Автобус» операциясын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ «Автобус» операциясын бастады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын, оның ішінде автотасымалдаушылардың жауапсыздығы салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 7 маусымнан бастап «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізуде. 

Іс-шараны өткізу кезеңінде ішкі істер органдары жергілікті атқарушы, мүдделі мемлекеттік органдардың (көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдары және т. б.) өкілдерімен және жұртшылықпен бірлесіп: 

– жолаушылар көлігінің техникалық жай-күйін және оның жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкестігіне; 

– жолаушылар көлігі жүргізушілерінің рейс алдындағы медициналық және техникалық байқаудан өтуіне; 

– көлік тәртібін, сондай-ақ автотасымалдаушылардың еңбек және демалыс режимін сақтауына баса назар аударып, заңсыз тасымалдаушыларды анықтайды. 

Сонымен қатар, автокәсіпорындардың жүргізушілері арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша автотасымалдаушылармен бірлескен кеңестер өткізу жоспарланған. 

Ағымдағы жылдың басынан бері республика жолдарында автобус жүргізушілерінің кінәсінен шамамен 170 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғаларында 13 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды.

Өзгелердің жаңалығы