ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды

26 Наурыз 2022, 07:23
1606
Бөлісу:
ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ атыс қарулары сақталған 97 қойманы жойды,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, оның ішінде қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезеңінде ұрланған заттарды алып қою жөнінде мақсатты шаралар қабылдауда. 

Криминалдық полиция ІІО қызметтерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, заңсыз айналымнан 1268 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 127 автомат, бір пулемет, 395 тапанша, 144 ойық карабин, 414 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 238 гранат және 33 мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.

Атыс қаруын заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 319 адам ұсталды және қамауға алынды, оның ішінде 22 қылмыскер ұсталды. Жүргізілген арнайы операциялар барысында атыс қарулары сақталған 97 қойма жойылды.

18 наурызда ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және Алматы қаласы ПД қызметкерлері жедел әзірлеу жұмыстарын жүргізу кезінде Алматы тұрғыны ұсталды. Одан 223 калибрлі SL-8, 5 тегіс ұңғылы мылтық, FAIR үлгісіндегі иір ойықты мылтық, 12 калибрлі, Ata Arms моделінің 2 бірлігі, 12 калибрлі FRENSHI моделінің 2 бірлігі, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезеңінде Алматы қаласының “Қорған” аңшылық дүкенінен ұрланған аң аулауға арналған су асты екі мылтық тәркіленіп алынды. 

12 наурызда Алматы қаласы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі “Medeus Villa” қонақ үйінің сыртындағы орман белдеуінен қойма табылды, оның ішінен 3 тапанша, 15 граната, 229 түрлі калибрлі патрон және екі оқ-дәрі алынып, тәркіленді. 

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы