ІІМ 5 миллионға жуық пәтерді тексеріп, 428 атыс қаруын тәркіледі

6 Желтоқсан 2021, 11:19
1709
Бөлісу:
ІІМ 5 миллионға жуық пәтерді тексеріп, 428 атыс қаруын тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Осы жылдың қыркүйек айынан желтоқсанға дейін жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Ол құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ халық қауіпсіздігінің проблемалық мәселелерін зерделеуге және одан әрі шешуге бағытталған.Операция кезінде учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, қару иелерін, ішкі істер органдарында есепте тұрған шетелдіктер мен азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шықты, – деді ол.

Нұрділдә Ораз айтқандай, проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу үшін тұрғыдармен кездесулер өткізілді.

Алдын алу іс-шарасының 2 айында полиция қызметкерлері 5 миллионға жуық пәтер мен жеке үйлерді аралап, 300 мыңнан астам саяжай үйлері мен 60 мыңға жуық шаруа қожалықтарын, қыстақтарды, шаруашылық нүктелерін тексерді. Жалға берілетін 100 мыңға жуық пәтер тексерілді. Тексеру барысында Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген тұрғын үйді жалға берудің 12 мыңға жуық фактісі анықталды, – деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, тұрғылықты жері бойынша 200 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді, 3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережелерін бұзу анықталды.

Тіркелмеген айналымнан 428 атыс қаруы тәркіленді. Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 500 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 8 мыңнан астам ұсақ бұзақылықтың жолы кесті. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы 11 мыңнан астам құқық бұзушылықтың және көші-қон заңнамасына қатысты 82 мыңнан астам заң бұзушылықтың алдын алды, – деді Нұрділдә Ораз.

Өзгелердің жаңалығы