Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевпен кездесті.
Кездесуде көлік және транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, «Қытай-Қазақстан-Қырғызстан» бағыты бойынша транзиттік жүктердің кедергісіз өтуі, елдеріміз арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру, сондай-ақ транзиттік теміржол жолаушылар тасымалын жаңғырту мүмкіндігі қарастырылды.