ИИДМ басшысы «ENERGY-Тараз» кәсіпорнының жұмысымен танысты

19 Қазан 2022, 02:15
1327
Бөлісу:
ИИДМ басшысы «ENERGY-Тараз» кәсіпорнының жұмысымен танысты
PHOTO

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында «ENERGY-Тараз» өндіруші-сервистік кәсіпорнының қызметімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2001 жылы ашылған компания заманауи энергия үнемдейтін шам өнімдері, электртехникалық жабдықтар мен түрлі металл құрылымдары бұйымдарын шығарумен және жеткізумен айналысады.

Сонымен қатар кәсіпорын жобалық-сметалық құжаттамаларды даярлаудан электртехникалық сынамаларға дейінгі кең көлемдегі электр монтаждау жұмыстарын атқарады.

ИИДМ басшысы «ENERGY-Тараз» кәсіпорнының жұмысымен танысты

Біздің компания жарықтандыру жүйесі саласындағы сенімді мердігерлерді өз өнімдерімізбен қамтамасыз етіп, қажетті лицензиялар мен сертификаттарды даярлайды. Кәсіпорын «Алтын Қыран» халықтық Сапа белгісінің иегері, – дейді кәсіпорынның бас директоры Даурбек Нұрымғалиев. 

Оның айтуынша, компания жұмысының негізгі бағыты – трансформатор станцияларының толық құрал-жабдықтарын және көше, саябақ, өндіріс ошақтары мен кеңсені жарықтандыруға арналған жоғары сапалы жарықдиодты шамдар өндіру. Жыл сайын «ENERGY-Тараз» шамаман 120-150 мың дана аралығында энергия тиімді шамдар мен 1 жарым-2 мың көлемінде трансформатор жабдығын шығарады. 

ИИДМ басшысы «ENERGY-Тараз» кәсіпорнының жұмысымен танысты

Бұдан бөлек, кәсіпорын спорттық құралдар, балалар ойын алаңдары мен аула орындықтарын және көше, жиекжол, саябақтағы көше шамдарына арналған металдан жасалған сәулет бұйымдарын жасайды.

ИИДМ басшысы «ENERGY-Тараз» кәсіпорнының жұмысымен танысты
Өзгелердің жаңалығы