ИИДМ басшысы Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

14 Сәуір 2022, 17:29
1554
Бөлісу:
ИИДМ басшысы Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атырау облысының тұрғындарымен кездеседі. 

Кездесу 21-22 сәуірде Атырау қаласында өтеді. Бұл туралы министр Telegram-дағы каналында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары халықпен кездесулер өткізуі туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Көзделген негізгі мақсат – елде жүргізіліп жатқан шаралар мен реформалардың мән-мағынасын халыққа түсіндіріп, тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін одан әрі арттыра түсу, сонымен бірге азаматтардың мәселелерін жедел шешіп, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейту болып табылады. 

Біз ел тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға әрқашан дайын екенімізді ерекше атап өткім келеді. Сәйкесінше, осындай форматтағы кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда маңызды құрал деп санаймын, – деп жазды министр. 

Өңір тұрғындары сұрақтары мен ұсыныстарын miirpress@gmail.com   поштасына жібере алады. Өңірлерде кездесулер өткізілгеннен кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурстарында кездесулердің қорытындылары мен халық тарапынан көтерілген сұрақтардың тізімі жарияланатын болады. Сондай-ақ, өзекті мәселелердің шешілу барысы мен іс-қимыл жоспары туралы да есеп беріліп отырады. 

Өзгелердің жаңалығы