ИИДМ басшылығы еліміздегі Арменияның төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

29 Шілде 2022, 10:18
1239
Бөлісу:
ИИДМ басшылығы  еліміздегі Арменияның  төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Руслан Баймишев Армения Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесу барысында өнеркәсіп, көлік, авиация және басқа да салалардағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен тереңдету перспективаларын талқылады.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ИИДМ басшылығы  еліміздегі Арменияның  төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Р.Баймишев автомобиль көлігі және азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы экономиканың басым салалары үшін инвестициялық ахуал туралы айтып берді.

Өз кезегінде А.Гевондян өңірдегі экономикалық және көлік байланыстарын ашуға бағытталған жұмыстардың барысы туралы хабардар етті.

ИИДМ басшылығы  еліміздегі Арменияның  төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықтың зор мүмкіндкітері жайлы айта келе, екі тараптың заңнамасын, халықаралық келісімдер мен шарттардың ережелерін ескере отырып, коммуникациялық мүмкіндіктерді кеңейту және олардың үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы