«Игра в кальмара» сериалы бала психикасына қауіпті емес пе?

20 Қазан 2021, 14:02
1676
Бөлісу:
«Игра в кальмара» сериалы бала психикасына қауіпті емес пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова «Игра в кальмара» сериалын көру бала психикасына қауіпті емес пе деген сауалға жауап берді.

Фильм қазақстандық емес және белгілі бір шектеулері бар. Оны 18 жастан асқан ересектердің көруіне болады. Сол себепті ең алдымен, ата-аналар осыған назар аударуы керек. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік іс-шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі тиіс. Мектептерде де осы мәселеге назар аудару қажет. Әрине, балалар психикасы қалыптасып жатыр, - деді вице-министр.

Айтуынша, кез келген ақпаратты ата-аналар үйде, мектептерде мұғалімдер де бақылауы керек.

Өзгелердің жаңалығы