Нұртөре Жүсіп: Ұлттық идеология дегеніміз – «Абай жолымен» жүру

30 Қыркүйек 2020, 12:53
5297
Бөлісу:
Нұртөре Жүсіп: Ұлттық идеология дегеніміз – «Абай жолымен» жүру
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі журналист, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ұлттық идеология төңірегінде әңгіме өрбітті.

Сенатор Ұлттық иедеология дегеніміз не? Бізде ұлттық иедеология бар ма? Біз нені идеал тұтуымыз керек? Отыз жыл бойы ұлттық идеологиямыздың діңгегі не екенін білмей келуіміздің себебі не, т.б сұрақтарға жауап беріп, Қазақ халқы нені идеал тұтуы керектігі төңірегінде өз ойын айтты.

 

Біз Абайды қалай ардақтасақ, қазақтың өзге де ұлы тұлғаларын солай ардақтауымыз керек. Жеке қазақ ұлты ғана емес, Қазақстанда тұратын 18 миллион халық түгел білуі, тануы, олардың түсінуі, біздің тарихи тұлғаларымыздың мұрасымен танысып, тым құрығанда аты-жөнін біліп, Қазақстанның мәдени кеңістігінде өмір сүруі керек, – дейді Нұртөре Жүсіп.

 

Сенатордың пайымдауынша, ұлттық идеологияның ең өзегі – ұлттық намыс.

Қазақты қор санау, қазақты менсінбеу, қазақтың өмірін менсінбеу, қазақтың тарихын місе тұтпау – бұның барлығы қазіргі кезде біз жиі кездестіретін нәрсе. Байыған қазақтың көбісі қазақ болғысы келмей қалады. Қазақ болу деген бір артта қалғандықтың көрінісі секілді ұғымдар бар. Баласын орыс мектебіне беріп жатқан қазақты қалай түсіндіресіз? Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды. Ал биыл толып кетті (баласын орыс сыныбына беретіндерді айтып отыр – Е.Ж.). Бұны қалай түсіндіреміз? Олар неге аяқастынан қазақтан безініп жатыр? Олардың ойынша, қазақтың өмірі – қор өмір сияқты. Қазақ болу – бейшара болу сияқты түсінік қалыптасқан. Оны намыспен ғана алып шыға аламыз! – дейді сенатор.
 

 

Өзгелердің жаңалығы