"Идалия" дауылы АҚШ тұрғындарына орасан зор зардап әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Желдің екпіні сағатына 125 шақырымға жеткен. Флорида штатында 280 мыңнан астам үй мен бизнес нысаны, ал Джорджия штатында 160 мың тұрғын жарықсыз қалды. Бұған дейін су тасқынының жүруіне байланысты миллиондаған америкалық қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр болды. Бір ғана Флорида аймағына келген шығын 10 миллиард долларға жуықтап қалған.
"Идалия" - өте күшті дауыл. Кейбір аймақтарда су деңгейі 5 метрге дейін көтерілу қаупі төніп тұр. Біз адам өміріне сақ болуымыз керек. Тұрғындарға әзірге далаға шықпауға кеңес береміз, - деді Флорида штатының губернаторы Рон Десантис.