Хромтаудағы шахтада жарылыс болды

17 Тамыз 2021, 00:18
840
Бөлісу:
Хромтаудағы шахтада жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түс мезгілінде Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болды деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі кенші жарылыс толқынының астында қалып, бір жұмысшы оқиға орында қаза тауып,  екінші кенші жарақат алды.

Жарылыс кезінде зардап шеккен кеншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша,  төтенше оқиға жөнінде мемлекеттік органдарға хабарлма жіберілген.

Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Жарылысқа әкелген себептер туралы әзір белгісіз. Дөң кен байыту комбинатындағы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» атындағы шахтадағы төтенше жағдай жөнінде  құзырлы мемлекеттік органдар әзірге ақпарат берген жоқ.


Өзгелердің жаңалығы