Хромтауда үй өртеніп, 9 адам ауруханаға жеткізілді

15 Қараша 2020, 14:46
1610
Бөлісу:
Хромтауда үй өртеніп, 9 адам ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбенің Хромтау қаласында үй өртеніп, 9 адам ауруханаға түсті. Біреуі жаңа туған нәресте, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бүгін сағат 11:36-да Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Ақтөбе облысы Хромтау қаласында бір қабатты үйде өрт шыққаны, салдарынан газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті. Өрт жалпы ауданы 90 шаршы метрді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы сөгіліп, құлаған. 

Өрт сағат 12:29-да толық сөндірілді. Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Балалар 6 және 7 жаста, кішкентайы жаңа туған нәресте. Оларды күйік шалмаған. Қазір Хромтау қалалық орталық ауруханасына дәрігерлерінің бақылауына алынды. ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Бұл ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірін, сондай-ақ мүлкіңіздің сақталуына себеп болады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 нөмірлеріне хабарласыңыз, -деп жазылған хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы