Хромтау тұрғынының көлігінен 3 қап шортан табылды

20 Қазан 2023, 16:30
584
Бөлісу:
Хромтау тұрғынының көлігінен 3 қап шортан табылды
Фото: polisia.kz

Балықты заңсыз аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 қазан күні түнде Хромтау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қопа – Көктау қорықшылық қызметімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізу барысында Хромтау қаласынан 60 шақырым қашықтықтағы Аққұдық ауылының маңынан Mitsubishi Pajero Sport автокөлігін тоқтатты. Көліктің рулінде Хромтау қаласының 64 жастағы тұрғыны болды. 

Тексеру барысында көліктен 3 қапқа салынған 124 шортан мен үрлемелі резеңке қайық табылды. 

Балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау) қылмыстық іс қозғалды.  

Өзгелердің жаңалығы