Хорватиядағы жер сілкінісінен кейін шұңқырлар пайда болды

30 Қаңтар 2021, 09:48
1636
Бөлісу:
Хорватиядағы жер сілкінісінен кейін шұңқырлар пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы айда елде жарты мыңға жуық жер асты дүмпулері болдыған еді.

Хорватияның орталық бөлігінде болған күшті жер сілкіністерінен кейін жер асты дүмпулері әлі де басылмай отыр және ірі шұңқырлар пайда болып жатыр, деп хабарлайды TSN.

Қуатты алты балдық жер сілкінісі желтоқсан айының соңында аймақты дүр сілкіндірген еді. Содан бері елде 500-ден астам жер асты дүмпуі тіркеліп, магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша бір баллдан асты. Олар топырақтың ыдырауына себеп болды, салдарынан тұңғиықтар пайда бола бастаған.

Жеті адамның өмірін қиған желтоқсан жер сілкінісінің салдарынан Хорват қалаларында әлі де қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, табиғат апатынан 25 адам жарақат алған болатын.

Еске салайық, Хорватиядағы ең күшті жер сілкінісі 29 желтоқсанда тіркелді, бірақ жер асты дүмпулері бірнеше күнге созылды. Елдің орталық бөлігі, атап айтқанда Петрина және Сисак қалалары ең көп зардап шекті. Елдің кейбір аймақтарында төтенше жағдай жарияланды.

31 желтоқсанда Еуропалық Одақ Хорватияға көмек көрсету үшін өзінің азаматтық қорғаныс механизмін енгізді.

Өзгелердің жаңалығы