Хорватияда соңғы тәулікте 470 адам коронавирус жұқтырды

25 Тамыз 2021, 06:35
5748
Бөлісу:
Хорватияда соңғы тәулікте 470 адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияда соңғы тәулікте 470 жаңа коронавирус инфекциясының жағдайы расталды, үш науқас COVID-19 салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы 24 тамызда Хорватияның азаматтық қорғаныс ұлттық штабы хабарлады.

Қазіргі уақытта COVID-19 диагнозымен 330 науқас ауруханаға жатқызылды, оның 44-і ӨЖЖ аппаратына қосылған. Өткен тәулікте Хорватияда COVID-19-дан 343 адам емделді. Бүгінгі таңда Хорватия халқының 41,9%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Еске салайық, Хорватияда коронавирус инфекциясының бірінші жағдайы 2020 жылдың 25 ақпанында тіркелді. Бүгінгі күні 8 306 Хорватия азаматы COVID-19-дан қайтыс болды, шамамен 360 000 адам осы қауіпті аурумен ауырды.

Өзгелердің жаңалығы