Хорватияда қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

14 Қыркүйек 2024, 00:30
482
Бөлісу:
Хорватияда қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді
Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Загребтегі (Хорватия) Гран-при турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

60 келі салмақта белдескен Шерзод финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовты жеңді.

Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы әлемдік жарыстың алтын жүлдесін алды.

Өзгелердің жаңалығы