Хорватияда автобус аударылып қалды

25 Шілде 2021, 19:02
1730
Бөлісу:
Хорватияда автобус аударылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияның солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады деп хабарлайды 24.kz. 

Салдарынан 10 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды. Оқиға бүгін таңертең Славонски-Брод қаласының маңындағы тасжолда болған. Косовоға бара жатқан көлік белгісіз себептермен шұңқырға аударылып қалған. 

Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі мен тоғыз жолаушы бар. Жарақат алған сегіз адамның жағдайы ауыр.


Өзгелердің жаңалығы