Хорватияда автобус аударылып қалды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияның солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы&nbsp;жол апатына ұшырады деп хабарлайды 24.kz.&nbsp;<br> </p>

 25 Шілде 2021 2021, 19:02
25 Шілде 2021 2021, 19:02
2233

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияның солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады деп хабарлайды 24.kz. 

Салдарынан 10 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды. Оқиға бүгін таңертең Славонски-Брод қаласының маңындағы тасжолда болған. Косовоға бара жатқан көлік белгісіз себептермен шұңқырға аударылып қалған. 

Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі мен тоғыз жолаушы бар. Жарақат алған сегіз адамның жағдайы ауыр.


Наверх