Холонд Месси мен Роналдуға деген көзқарасы туралы айтты

10 Қыркүйек 2023, 18:00
857
Бөлісу:
Холонд Месси мен Роналдуға деген көзқарасы туралы айтты
Фото: instagram.com/erling.haaland

Манчестер Ситидің шабуылшысы Эрлинг Холанд Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың орнын кім басуы мүмкін деген сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, ол француз футболшысы Килиан Мбаппемен бәсекелестігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Футболшы "Месси мен Роналдудың көпжылдық бәсекелестігінен кейін Холанд пен Мбаппенің дәуірі басталды ма?" деген сұраққа былай деп жауап берді.

Бәрі солай ойлайтын сияқты. Бірақ Месси мен Криштиану ақылға сыймайтын істер жасағанын ұмытпауымыз керек. Олар әлі де мансабын аяқтамағанынын есте ұстаған жөн. Әрине, олар қартаяды, бірақ керемет ойыншылар болып қала береді. Осы қос чемпионның ойынын тамашалау үлкен бақыт деп есептеймін, - деді Холанд.

Өзгелердің жаңалығы