Будапештте басталған Әлем Чемпионатында Сергей Старыгин шәкірттері Венгрия құрамасын 5:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ qazsporttv.kz-ға сілтеме жасап.
Ұлттық құрама сапында Бейбарыс Оразов, Егор Смолянинов, Артем Авдеенко және Всеволод Ловгин (дубль) көзге түсті
Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Даниямен кездеседі.
Айта кетейік, І дивизионның жеңімпазы келесі жылы Жастар арасындағы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алады.