Хоккейден Қазақстан құрамасы Беларуське есе жіберді

7 Мамыр 2023, 23:19
696
Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан құрамасы Беларуське есе жіберді
Фото: baq.kz

7 мамырда, Астанадағы «Барыс-Арена» стадионында Qazaqstan Нockey Open халықаралық турнирі аясында матч өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездесті. Қазақстандық спортшылар қонақтарға 0:6 есебімен жол берді.

Ұлттық құрама қақпасына әр кезеңде екі голдан соғылды. Ал айдын иелері сапынан мергендік танытқан ешкім жоқ.

Қазақстан – Беларусь – 0:6 (0:2, 0:2, 0:2)

Шайбалар:

0: 1-02: 50 Горбунов (Бокун)

0:2 – 08: 01 Алистров

0: 3-22:31 Ковгореня (Филяев)

0: 4-36:37 Романович (Сапего, Секерин)

0: 5-40:54 Чезганов

0: 6-44:17 Белевич

Айта кетейік, бұған дейін біздің құрама «Ресей 25» командасына 0:3 есебімен жол берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы